№12 бастауыш мектеп Жаңаөзен қаласы, Шұғыла шағынауданында орналасқан.Мектеп биылғы оқу жылын 807 оқушымен офлайн дәстүрлі форматта бастап,оқушыларымыз қуана қуана мектептеріне келіп ұстаздарымен қауышты. Былтырғы оқу жылын онлайн форматта аяқтадық, соған байланысты биылғы оқу жылының басты міндеттерінің бірі білімнен кеткен олқылықтардың орнын толтыру, соған байланысты күзгі демалыс кезінде де мектепке балаларды шақырып қосымша сабақтар ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі таңда оқушыларымызға нәтижелі білім беруге мол мүмкіндік бар мектебіміздің педкадрлар құрамы жақсы қалыптасқан, барлығы 66 мұғалім, оның 3 -педагог шебер, 4 зерттеуші, 16 – сарапшы, 12 модератор, 53пайызын құрайды.Осындай ұйымшыл ұжым мен шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың арқасында жеткен жетістіктерде аз емес. Барлық өткізіліп жатқан қалалық,облыстық, республикалық байқаулар,қалалық іс-шараларға белсенді қатысып отырады.Мектебіміздің барлық жетістіктері, өткізіліп жатқан шаралар, әдңстемелік күндер барлығы дер кезінде әлеуметтік желі, фейсбукке жүктеп, бөлісіп отырамыз. Былтыр оқу жылында 200 оқушымыз 4- сыныпты бітіріп , көптеген оқушыларымыз №5 гимназия, №13 дарын гимназия мектептеріне тестіден өтіп білімін жалғастыруда, бұл мектепте беріліп жатқан білімнің нәтижелі екенін дәлелдейді.
Мектептің әлеуметтік жағдайына келсек мектебімізде, барлығы 807 оқушының аз қамтылған, көп балалы, мүжәлсіз, оралман,үйден оқитын, инклюзивті білім алып жатқан балалар саны 299.
2020 жылғы бюджет.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020/ 2021 жылдардағы бюджетіне келетін болсақ, 2020 жылдағы жалпы бөлінген қаражат 233. 562,0 тг.Жалақыға МБ+РБ. әртүрлі ерекшеліктерге бөлінеді 168.744,80 тг (қызметкерлер саны 89 оның ішінде 65 мұғалім 24 қызметкер).Оның ішінде сауықтыру ақысы 8401,0тг .Әлеуметтік салық, медициналық аударымдарына 16.340,0 тг. Мектепке күнделікті қажетті кеңсе тауарлары,шаруашылық тауарлары,кварц,антисептиктер 2.620,0тг. бөлінді.Коммуналдық қызметтер және интернет қызметіне 7152,0тг.1 сынып оқушылары 234 балаға ыстық тамақтануына 3 айға 4.063,5тг. Мүжәлсіз отбасы 136 балаға 2.650,0тг. бөлінді. қатар 2020 жылдан бастап әр балаға берілетін қаржылай материалдық көмек көбейіп 25000тг 131 балаға 3.275,0тг.берілді. Әрине бюджет қаражаты болғандықтан нағыз Сонымен мұқтаж балаға комиссияның шешімімен, қамқоршылық кеңестің келісімімен беріледі.Мектепті жһндеу жұмыстарына тоқталатын болсақ «Жол картасы» бойынша 2020 жылы жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмысын ЖШС «Өзен Ком Сервис» мекемесі 6.890,0тг. жүргізді. Пандемияға байланысты оқушылар онлайн форматына көшіп,мүжәлсіз және қажеттілігі бар оқушылар үшін 4000.00тг. 20 дана ноутбук ,үйлестіру орталығынан 40 дана ноутбук, 20 роутер балаларға алу беру актісімен таратылды. Темір шкаф 1 сынып оқушыларына 234 дана 2227,70тг алынды.Мектепке дезинфекциялық тонель,стендер жасақталды. Және бейнебақылау,өрт сөндіру қызметіне,112 қызметі,медициналық тексеру, сан тех қызметі және т.б. қызметтерге келісім шарт жасақталды
2021 жылғы бюджет
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылдағы 282029,0тг бөлінді, былтырғы 2020 жылғы бюджетпен салыстырғанда 49 млн. көп бөлінді. Жалақыға МБ+РБ 177974,0 тг қызметкерлер саны 89 оның ішінде 66 мұғалім, 24 қызметкер.Оның ішінде сауықтыру ақысы 11039,0тг .Әлеуметтік салық,медициналық аударымдарына 11411,0 тг. Күнделікті қажетті кеңсе тауарлары,шаруашылық тауарлары,құрылыс тауарлары 2241,0тг. Коммуналдық қызметтер және интернет қызметіне 6611,0тг. Биылғы 2021/2022 оқу жылының тамыз айының соңында оқушыға бір жолғы қаржылай көмек 148 баланың ата-анасының шотына әр балаға 25мыңнан, 3.700.000 тг.беріліп, мүжәлсіз отбасы балалары жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен оқушы формасын алуына мүмкіндік болды. Аз қамтылған 111, сонымен қатар 1- сыныпқа келген 190 бала – барлығы 301 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 1 сынып оқушыларына 190 балаға 7048,0тг бөлінді. Сонымен бірге бейнебақылау,өрт сөндіру қызметіне,112 қызметі,медициналық тексеру, сан тех қызметі және т.б. қызметтерге келісім шарт жасақталды. № 12 бастауыш мектебінде жыл сайын жазғы сауықтыру лагері жұмыс жасайды, әр этапта 60 баладан 4 кезеңде 240 бала демалады, оған бюджеттен 3.038 тг қаражат бөлінді.Лагерде жұмыс жасаған 10 қызметкерге -1693,0 тг.Дәрі -дәрмекке 13,0 тг. Лагердің іс- шараларына 264.0,0тг.
2021 жылдан бастап қала мектептері жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшті.Республика бюджеттен негізгі қордан мектепке 15600,0тг бөлінді, оған ә сынып бөлмелеріне 296 дана парта, 25 тақта, 42 дана шкаф, мектептің акт залына 79 дана жұмсақ орындықтар, 1 дана музыкалық аппаратура, 3 дана комьпютер жиынтығы, 6 дана принтер, 1 дана сейф,5 дана ту, проектор экранымен ,кондиционер 2 дана,спорт залына 10 дана отырғыш, 3 киім ілгіш,20 дана мұғалімлерге арналған үстел сатып алынып, мектебіздің материалдық техникалық базасы нығайтылды.Сонымен қатар жаз мезгілінде мектептің жертөлесіндегі еден плиталарына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, 4.399,7 тг жұмсалды.
Мектепті ағымдағы жөндеуден өткізу үшін алынатын құрылыс тауарларына бөлінетін қаражаттта жыл сайын өсіп отыр,былтыр 800 мың бөлінсе, биыл 2021 жылы 1.200 мыңға құрылыс тауарлары алынды. Ашық бюджет бойынша барлық кіріс шығыстар мектебіміздің қамқоршылық кеңес мүшелерімен жарты жыл сайын кездесіп есеп беріліп отырады, сонымен бірге мектептің бевсайтына жыл басында міндетті түрде салынады.
Әрине алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды да жоспарлап отырмыз, мектепті дамыту барысында ҚР білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттар басшылыққа алынады және оқу үрдісін ғылыми негізде басқару, білім сапасы,материалдық техникалық база, мамандар құрамы, ата-аналармен байланыс бойынша анықталып жүзеге асырылады.



